Айтыс с загадками - Каталог загадок - Загадки на казахском языке (Жұмбақ) на проекте Ak-Sakal








Айтыс с загадками

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Жапанда бір бәйтерек бес бүтақты, 
Демейді біреуге біреу кес бүтақты. 
Ешкім кеп кеспесе де бүтақтарын, 
Бүтағы бестен артық өспей қапты.

Ответ:
Бәйтерек жапандағы қол болады,
Бес бүтақ бес саусағың сол болады.
Бес саусақ бітірмейтін жүмыс бар ма, 
Өссе де, кемісе де қор болады.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек, 
Оларға үйір болған адам тентек.
Бәрінің ортасында бір әйел бар,
Жүреді дәл жиырма төрт тай жетектеп.

Ответ:
Емес пе сегіз еркек - кәрөл, балта,
Деп түрсыз тентек қана ойнар карта. 
Төрт әйел ортадағы төрт мәтке ғой, 
Жиырма төрт қалғандарын санап байқа.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Мінгені үш адамның жалғыз жорға, 
Келеді жорғалатып даңғыл жолда. 
ішінде көпшілікке тәлім қылып, 
Кетеді жаппай тарап қолдан қолға.

Ответ:
Айтқаның қарындаш пен қалам екен, 
Үш саусақ бірдей мініп алады екен.
Кететін жаппай тарап қолдан қолға, 
ішінде жазу, сызу қалады екен.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Жайлаған бір аралды бір топ киік, 
Жүрмейді аяқтары жерге тиіп. 
ішінде теке менен қошқары бар, 
Мүйізін көрсетпейді басын иіп.

Ответ:
Карта ғой аралдағы бір топ киік, 
Жамбасы жатыр кейде жерге тиіп. 
Емес пе қошқар, теке -тұз бен кәрөл, 
Кімге олар бағынбақшы басын иіп.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Бекінген бір тауешкі шошала үйге 
Тағдыры салып қойған сондай күйге. 
Жатады күн ыстықта көлеңкелеп, 
Шығады жауын күні жапан түзге.

Ответ:
Мүйіз - үйден шықса, ұзаратын, 
Біреуді көрсе, бүғып қызаратын. 
Жауынды жаны кіріп қыдыратын, 
Үлу ғой бала күнде біз алатын.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Таулар бар, жауса, қары кетпейтүғын, 
Көлдер бар кернесе, су кеппейтүғын. 
Ордасы қызыл үйдің бүзылыпты, 
Еліңде үста бар ма септейтүғын?

Ответ:
Ағарса қараймайтын шашың болар, 
Қартайсаң қүрғамайтын жасың болар. 
Қызыл үйдің ордасы тісің болар.
Ол бүзылса, желінбей асың қалар.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Бір нәрсе өзі елеусіз, өзі керек,
Басы жоқ, аяғы жоқ, дөп-дөңгелек. 
Жерінде басып кеткен із қалады, 
Осыны тапшы, қүрбым, болсаң зерек.

Ответ:
Қару ғой мансаптыға бұ да мықты, 
Жеткендер оған қолы қуаныпты. 
Дөңгелек, өзі керек, із қалдырған, 
Мөр ғой ол растайтын куәлікті.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Бір түйем бір түйемнен еш озбайды, 
Жануар ботасы жоқ қүр боз дай ды. 
Бүйдасын анда-санда сілке тартсаң, 
Атасы Андрейден күй қозғайды.

Ответ:
Түйеңіз иір мүйіз-гармоныңыз,
Күй тартып боздауы ән салғаныңыз. 
Атасы Андрей деп айтқаныңыз, 
Орыстан бүл аспапты алғаныңыз.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Бір нәрсе жүдырықтай іші қуыс, 
ішіне зат сияды бір-ақ уыс. 
Желігін бір батырдың баса салар, 
Ойсызға мүны табу қиын жүмыс.

Ответ:
Секілді үлкейтілген сона басы,
Риза бұл теңеуге бол ағасы.
Бір нәрсе жүдырықтай іші қуыс, 
Бүркіттің бүріп тіккен томағасы.
Загадки из категории "Айтыс с загадками"
0
Загадка:
Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Сипаты бек асып тұр, көрсең жаңа. 
ішінде шығар жері қиын екен,
Егерде қолға түссе, болар пана.

Ответ:
Ол нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Суықта киіп алсаң, болар пана.
Теріден сәндеп тіккен ішік қой ол,
Мәуіт тыс, қайырмалы қүндыз жаға.
1-10 11-20
Мы в социальных сетях







Сообщества в данный момент находятся в стадии разработки.
Мини-чат

200
Категории
Айтыс с загадками [20]
Дом [71]
Домашние животные [83]
Еда и напитки [49]
Животные и насекомые [127]
Животные, невежды [110]
Жители бездны [18]
Земля, природные явления [113]
Инструменты, вещи и транспорт [6]
Космос и природные явления [203]
Логические и физико-математические загадки [20]
Метеграммы [31]
Образование и учебные средства [79]
Огонь и освещение [14]
Одежда [28]
Оружие, охотник и охотничье снаряжение [34]
Поля и растительный мир [183]
Посуда и другие домашние принадлежности [79]
Предметы бытового применения [51]
Принадлежности для дома и мебель [43]
Продуктах питания и разновидность блюд [15]
Птицы и растения [104]
Разводить огонь, освещение [81]
Развлечение, музыкальные инструменты [79]
Религия [67]
Ручные изделия [87]
Сезон, время [57]
Сообщение, поступки и поведение [34]
Специалисты данной профессии [17]
Спортивные соружения [22]
Стихотворения, содержащие загадки [32]
Схожие названия [3]
Техника и о предметы мастеркой [133]
Учет и торговля [24]
Хозяйственные инструменты [72]
Человек и его органы [228]
Шуточные и логические загадки [36]
Юрта и её предметы [18]
Неотсортированные [528]
Это полезно
             Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан          
Вы можете выбрать другой город, если город в информере погоды определен неправильно.